7 тамыз күні Алматы қаласында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан әйел адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.
Жол апаты шамамен сағат 10:00-де Айнабұлақ ықшамауданында болған.
«Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Макаатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесіне бұрылған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті», – деп хабарлады полиция департаменті.
Қайтыс болған әйел 1957 жылы туған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.