Абай облысында Азия чемпионы жол апатынан қаза тапты

Фото: abu.enu.kz

Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі 19 жастағы Нұрмағамбет Тұрарбеков көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оқиға спортшылар Астанада өткен Азия чемпионатынан оралған кезде орын алған. Команда жарыстан кейін Семейге қайтып бара жатқан.

Университеттің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

«Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы және Ақпараттық технологиялар мен экономика факультетінің студенті Әбдімәліков Рустамбек Нурмуродұлының ата-аналарына, туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», – деп хабарлады университет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *