Мемлекеттік қызметтер орталығының нөмірлер тізімі кеңейтілді

Енді Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтер бойынша Бірыңғай байланыс орталығына екі тегін нөмір арқылы хабарласа алады, деп жазады ZontNews.kz.

Бұған дейін қолданыста болған 1414 нөмірінен бөлек, 8 (800) 080-77-77 нөмірі де қолжетімді.

Аталған өзгеріс 30 шілдеде қабылданған Үкімет қаулысында көрсетілген. Қаулыда 2004 жылы бекітілген, байланыс операторлары үшін қоңыраулары тегін саналатын жедел және басқа да қызметтер тізіміне өзгерістер енгізілген. Енді бұл тізімде байланыс орталығының екі нөмірі де ресми тіркелді.

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

Қазір байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Операторлар сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін азаматтарға жауап береді, ал түнгі уақытта қоңырауларды автоматтандырылған дауыс көмекшісі қабылдайды.

Орталықты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарады. Мұнда мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен талаптары бойынша жан-жақты кеңес беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *