Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Анкара халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми қарсы алды, деп жазады ZontNews.kz.
Сапардың алғашқы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының негізін қалаған тұңғыш президент Мұстафа Кемал Ататүріктің Анытқабір кесенесіне барды. Онда ол Ататүріктің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің алдағы уақытта да беки түсетініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқына амандық-саулық тіледі. Гүл қою рәсіміне Қазақстан делегациясының ресми өкілдері де қатысты.
Бұған дейін хабарланғандай, сапар аясында Қазақстан мен Түркия президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысы өтеді.
Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жолдары қарастырылады.