Bek Air апаты: сот ұшқыштарды кінәлі деп таныды

Фото: ТЖМ

Алматыда 2019 жылдың желтоқсанында болған Bek Air ұшағы апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сот шешіміне сәйкес, ұшқыштар Марат Мұртабаев пен Мейіржан Молдақұлов ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекетке қатысты.

Айыпталушылар қаза тапқандықтан, сот жаза тағайындамады.

Мемлекет сот ісін жүргізуге байланысты 1,7 млн теңге шығынды өз есебінен өтейді.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап қою құқығын мойындады. Өтемақы көлемі азаматтық іс жүргізу тәртібімен анықталады. Зардап шеккен тараптар жалпы сомасы 4,8 млрд теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *