Заң бойынша тоқал алуға рұқсат беру керек — депутат Абзал Құспан

Фото: ORDA.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында елде екі әйел алуға тыйым салынғанымен, заң жүзінде тоқал алуға рұқсат беру қажет екенін айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Депутат өз сөзінде көп әйел алуға қарсы екенін айтса да, кейбір жағдайы жақсы азаматтар екінші әйелмен бірге тұрып жатқанын жасырмайтынын атап өтті. Сондықтан бұл мәселені заң арқылы реттеу маңызды деп санайды.

«Заңдық тұрғыдан де-юре және де-факто деген ұғым бар. Де-юре – екі әйел алуға тыйым салынған, бұл заңсыз деп саналады. Де-факто – нақты өмірде екінші, үшінші әйелдері бар адамдар бар. Дін жолындағы азаматтардың басым бөлігі бұл құбылысты қолдайды. Қазір көбінің ісі дұрыс емес, жас қыздарды алады», – деді Абзал Құспан.

Ол тоқалдыққа жесір әйел емес, көбіне жас қыздар алатынын да атап өтті.

«Құбылыс ретінде қарсы болсам да, оны ешкім тоқтатып отырған жоқ. Сондықтан тоқалдықты заңдастырып, реттеу қажет. Заң бойынша екінші әйел алуға рұқсат берілуі тиіс. Қолданыстағы тыйым ешкімге әсер етпейді, заң өз қолжаулығына айналған», – деді депутат.

Абзал Құспан қазіргі ахуалды «құқықтық нигилизмнің» көрінісі деп атады. Оның сөзінше, «қолданыстағы тыйым бар, бірақ оны ешкім сақтамайды, сондықтан заңның өзі қолжаулыққа айналған».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *