Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми сайтында Екатерина Биволға қатысты дерек жарияланды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мәліметке сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға іздеу жарияланғаны туралы ақпарат 1 қарашада Астанада тіркелген. Іздеуді Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен Байқоңыр ауданы полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Комитет дерегінде Екатерина Биволдың ТМД мемлекеттерінің бірінің азаматы екені көрсетілген.
Бұған дейін ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, оған іздеу жарияланғанын хабарлаған. Ол қырғыз, қазақ және өзге де ұлт өкілдеріне тіл тигізді деген айыппен тергеліп жатыр.

