Жамбыл облысында дәретханада көз жұмған оқушы ісі бойынша мектеп директоры толық ақталды

Фото из открытых источников

Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуратурасы Құмжота ауылындағы мектеп директоры Қанатбек Байтенге қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды ZontNews.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Оған оқушының өлімінен кейін қылмысты жасыруға тырысты деген айып тағылған, алайда тергеу бұл деректі растайтын дәлел таппаған.

Байтен тергеу кезеңін өзінің өміріндегі ең ауыр сынақтардың бірі деп сипаттады.

«Бұл жағдай бәрімізге ауыр тиді. Мені қызметтен шеттетіп, жарты жыл тергеу жүрді. 29 қыркүйектен бастап қызметіме қайта оралдым» — деді ол.

Оқиға 2024 жылдың 30 сәуірінде болған. Жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптағы балаларды даладағы дәретханаға шақырып, сол жерде төбелес шыққан. Салдарынан сегізінші сынып оқушысы Мирас кеудесіне тиген соққыдан көз жұмды.

Сот үкімімен үш жасөспірім кінәлі деп танылды. Екеуі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, ал үшіншісіне бір жыл шектеу жазасы тағайындалды.

Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен уақытша босатылған болатын. Кейін сот оны толық ақтап, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген кезеңі үшін шамамен 9 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *