Алматы облысының Қаскелең қаласында 21 жастағы қызды 20 жастағы жігіт өлтірген, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Полиция оқиғаның болғанын растады. Күдікті жедел іздестіру кезінде ұсталып, өз әрекетін мойындаған.
Алматы облыстық полиция департаменті «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ведомство «Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады.