Димаш Құдайберген қазақ тілін менсінбеген сарапшыны сынға алды

Фото: ашық дереккөздерден

Әнші Димаш Құдайберген қоғамдық көлік жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынған сарапшы Олжас Байділдиновті және оның қазақ тілі туралы айтқан пікірін сынға алды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Өнер иесі өз жазбасында қазақ халқы әлемнің барлық тілін құрметтейтінін, бірақ ең алдымен әр адам өз ана тіліне құрметпен қарауы тиіс екенін атап өтті. Ол Байділдиновтің қазақ тілін білмейтінін және өз тілінен ұялуын қатты сынады.

«Біз, қазақ халқы, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің ризашылығы үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады. Олжас, сені арандатушылығың үшін жұмыстан қуады деп үміттенемін. Қазақ тілінде жазған жоқпын, өйткені сен қазақша білмейсің», — деді Димаш Құдайберген.

Бұған дейін энергетика саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Алматы мен Астанада қоғамдық көлік бағасын 500 теңгеге дейін қымбаттату туралы ұсыныс жасап, қоғамның наразылығын тудырған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *