Қармақшы ауданының тұрғыны Салтанат Ұзақбай 6,5 келі салмақта ұл бала босанды, деп хабарлайды ZontNews.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл өңірде жаңа туған нәрестелердің орташа салмағынан екі есеге жуық ауыр.
Дәрігерлердің айтуынша, босану күрделі өткен. Нәресте дүниеге келген соң реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір ана мен баланың жағдайы қалыпты. Сәбиге Қуанышбек есімі берілді.
«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың ірі екені анықталды. Сол себепті дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдады. Ота сәтті өтті, өзімізді жақсы сезініп отырмыз», — деді Салтанат Ұзақбай.
Акушерлік бөлім меңгерушісі Арман Еранова мұндай жағдай сирек кездеспейтінін айтты: «Салмағы алты келіден асатын балалар бұрын да туған. Мұның бәрі ата-ананың генетикасы мен физиологиялық ерекшелігіне байланысты».