2025 жылғы вегетациялық маусымда су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары суды бөлу кезінде 310 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның нәтижесінде 58,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанын министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы осы кезеңде 188 заңбұзушылық тіркеліп, айыппұл сомасы 15,8 миллион теңге болған. Биылғы көрсеткіш шамамен төрт есеге өскен.
Министрліктің мәліметінше, елдің оңтүстігінде вегетациялық маусым бойы су тең бөлінуін бақылаған төрт арнайы жұмыс тобы жұмыс істеді. Олар су тапшылығы сезілетін өңірлерде заңсыз және рұқсатсыз су пайдалануға қарсы тұрақты мониторинг жүргізген.

