Апелляциялық сот Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісіне қатысты соңғы шешімін жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Айыпталушы Ернар Жиембай соттан бас бостандығынан айыру жазасын шектеу жазасымен алмастыруды сұрады. Оның айтуынша, қастандық ниеті болмаған, ол тек «денсаулығына ауыр зиян келтіргенін» айтты.
Жәбірленуші тараптың өкілдері, керісінше, істі қайта саралауды талап етті. Адвокаттардың сөзінше, Жиенбай шабуылды алдын ала жоспарлап, Берденовті өлтіруге әрекет жасаған.
Сот екі тараптың да өтінішін қанағаттандырмады. Осылайша, Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасарының қарамағындағы қызметкерге қатысты тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім күшінде қалды.