Азаншыны сөккен және садақаны жымқырған Шардарадағы бас имам қызметінен босатылды

Фото: Видеодан кадр

Шардара ауданының бас имамы Марат Асанов қызметінен босатылды. Бұған мешіт азаншысы Жүніс Сартаевтың шағымы себеп болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ол имамның садақадан түскен қаражатты өз қалтасына басуы және жұма намазын өткізбейтіні туралы мәлімдеді.

«Жарық пен су ақысын жамағаттан жинап төлетеді. Ал сұрақ қойғанымды шәкірттердің көзінше сөкті», — дейді азаншы.

ҚМДБ Түркістан облысы өкілдері оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, әділ қарастырылып жатқанын хабарлады. Бас имам өз өтініші бойынша 2025 жылғы 6 қазаннан бастап қызметінен босатылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *