Орал қаласының бұрынғы бас судьясы Руслан Жұмағұлов ірі алаяқтық жасағаны үшін екі жыл жеті айға сотталды. Ол апелляция берсе де, сот шешімі өзгерген жоқ, деп хабарлайды ZontNews.kz.
7 қазанда БҚО сотында Жұмағұлов пен адвокат Нұржігіт Фазылғалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.
Бұған дейін, 3 маусымда, Тасқал аудандық соты Жумагуловты «Алаяқтыққа оқталу» бабымен кінәлі деп танып, екі жыл жеті ай 15 күнге бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Адвокат Фазылғалиев те сол мерзімге сотталды. Оған «Қылмысқа үгіттеу» және «Үлкен көлемде пара беру» баптары бойынша айып тағылып, үш жылдық мерзімге заңгерлік қызметпен айналысу құқығы шектелді.
Сот шешімі өзгермей қалды, апелляциялық шағым қабылданбады. Жұмағұловқа амнистия қолданылмады, себебі ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға қарастырылмаған. Үкім жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.