Сотталған педофилдерге жаңа міндетті шара – түрмеде химиялық кастрация

Фото: Pixabay

Педофилдер түрмеден босатылуына жарты жыл қалғанда кастрациядан өтеді. Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Кастрация соттың шешімімен тағайындалды. Ол тікелей түрмелерде жасалады.

«Мәжбүрлі шара колониядан босатылуына алты ай қалғанда кәмелетке толған, балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға қолданылады», — деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазаннан бастап күшіне енетін бұйрығында.

Сот-медициналық психиатриялық сараптама тағайындау үшін колония әкімшілігі жазасының аяқталуына 12 ай қалғанда сотқа материалдарды жолдауы тиіс. 

Сарапшылар сотталған адамның психикалық ауытқуы бар-жоғын немесе жыныстық зорлыққа бейімділігін анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *