Қазақстандағы форумда Путинді мақтаған ресейлік коуч сынға қалды

Фото из открытых источников

Қазақстандық кәсіпкер Сергей Канның жары Жанна Кан ұйымдастырған BeWoman медиафорумында ресейлік психолог әрі коуч Алексей Ситников сөз сөйледі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ол мінберде:

«Путиннің соққыға төтеп беруіне қараңыздар. 55 ел оған қарсы тұрса да, ол жеңіп келеді… Жеке тұлғаның қуатты жігері әлемді өзгерте алады», – деді.

Бұл мәлімдеме Қазақстандағы әлеуметтік желілерде наразылық туғызды. Пайдаланушылар:

«Бұған біздің құқық қорғау органдары неге назар аудармайды?»
«Неге ресейлік үгіт Қазақстандағы форумда айтылып жатыр?» – деп сауал қойды.

Алексей Ситников Ресейде танымал коуч әрі саясаттанушы ретінде белгілі. Ол ғылым кандидаты дәрежесін алған, көшбасшылық тақырыбында тренингтер өткізеді. Дегенмен оны «ақшаға жалған уәде сататын инфоциган» деп сынайтындар бар.

Форумды ұйымдастырған Жанна Кан – Zhanna Kan Group компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер әрі медиа тұлға. Ол бұған дейін «қазақстандықтар көбірек жұмыс істеп, салық төлеуі керек, әйтпесе жаңа Қаңтар оқиғасы қайталануы мүмкін» деген сөзімен қоғамда қызу пікірталас тудырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *