Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Фото из открытых источников

6 қазанға қараған түні сағат 01:29-да Астана уақытымен жер сілкінісі болды. Магнитудасы 5,9-ға жеткен дүмпудің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 465 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды ZontNews.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді. Кейбір елді мекендерде дүмпудің күші 4 балға жеткен.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі мен өңірлік департаменттер жанынан жедел штаб құрылып, тұрғындарға арналған «жедел байланыс желілері» ашылды.

Ведомство азаматтарды сабыр сақтауға және ресми дереккөздерді бақылап отыруға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *