Түркияның танымал актері, кино жұлдызы Бурак Өзчивит алғаш рет Ақтауға келіп, халықаралық «Қорқыт ата» түркі халықтары кинофестиваліне қатысты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Алайда қызыл кілем мен ресми шараға дейін қала орталығында үлкен ажиотаж болды. Жиналған жұрт қоршауларды бұзып, айқайлап, бірін-бірі итеріп, актерге жақындауға тырысты.
1 қазанда өткен салтанатты ашылу рәсімінде Озчивит қызыл кілеммен жүріп өтті. Ол фестиваль афишасын Instagram-парақшасында жариялап, қазақстандық көрермендерге сәлем жолдады.
Фестиваль 4 қазанға дейін жалғасады. 2 қазанда актермен Q&A-сессия өтеді. Сол кездесуде көрермендер сұрақ қойып, тікелей тілдесе алады.