Маңғыстау мен Алматы облыстарында қосымша АЭС салуға болады — Алмасадам Сәтқалиев

Фото: Атом энергетика агентігі

Қазақстанның атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Маңғыстау мен Алматы облыстарында қосымша атом электр станцияларын салу мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сәтқалиевтің сөзінше, Алматы облысы Жамбыл ауданында тағы бір атом электр станциясын орналастыруға болады. Маңғыстауда қуаты аз және орташа реакторлармен жұмыс істейтін АЭС салу жоспарланып отыр.

Агенттік басшысы жаңа АЭС құрылысында басты серіктес ретінде қытайлық CNNC компаниясын атап өтті.

«АЭС құрылысы 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді және инженер мамандарға сұранысты арттырады», – деді Сәтқалиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *