OpenAI компаниясы ChatGPT-дің десктоп және мобильді нұсқаларына ата-ана бақылауын енгізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Бұл шешім Калифорниядағы 16 жастағы жасөспірімнің ата-анасының шағымынан кейін қабылданды. Ата-аналардың айтуынша, олардың баласы Адам Рейн жасанды интеллектпен сөйлескеннен кейін өз өміріне қол салған. Жасөспірім өз ойында өзін-өзі өлтіру туралы ойларын ашып, өзін жаралаған іздері бар фотосуреттерді жіберген. Жасанды интеллект қауіп туралы ескерткен, бірақ диалог жалғасқан.
Енді жаңа баптаулар арқылы жасөспірімдерге сезімтал контентке қолжетімділікті шектеуге, сөйлесулер тарихын басқаруға және диалогтарды модельдерді қосымша оқыту үшін пайдалану немесе шектеу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ата-аналар «тыныштық режимін» қосып, қызметке толық қолжетімділікті бұғаттай алады, дауыстық режимді және сурет генерациялау функциясын өшіру мүмкіндігі бар.
OpenAI компаниясы атап өткендей, ата-аналар жасөспірімдердің жеке сөйлесулеріне тікелей қолжетімді болмайды. Егер қауіп төнсе, отбасыға тек қажетті ақпарат беріледі.
Бұл шешім АҚШ реттеушілері жасанды интеллект саласындағы компанияларға және чат-боттарды пайдаланудағы мүмкін қауіптерге көбірек назар аударғаннан кейін қабылданды. Компания алдағы айларда жас қолданушының жасын алдын ала анықтайтын жүйені енгізетінін хабарлады.
«Бұл жүйе пайдаланушының 18 жасқа толмағанын анықтап, ChatGPT автоматты түрде жасөспірімдерге сәйкес баптаулар қолдануға мүмкіндік береді. Егер қолданушының жасын нақты білмесек, қауіпсіз баптауды қолданамыз. Ата-ана бақылауы – балалардың жас ерекшелігіне сай қауіпсіз түрде қосымшада қатысуын қамтамасыз етудің ең тиімді жолы», – деп хабарлады компания.
Еске салсақ, бұған дейін бірнеше жасөспірім мен ересектердің өз өміріне қол жұмсаған жағдайлары туралы жазылған.