Алматылық «Қайрат» Орталық стадионда мадридтік «Реалдың» шабуылын тоқтата алмай, Чемпиондар лигасының екінші турында 0:5 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Хет-трик жасаған Килиан Мбаппе үш голды қатарынан соқты. Төртінші голды Эдуарду Камавинги еншілесе, қосымша уақытта соңғы голды Браим Диас соқты.
«Қайраттың» қақпашысы ретінде 18 жастағы Шерхан Калмурза ойнады. Үлкен есепке қарамастан, жас қақпашы бірнеше мәрте команданы құтқарып, қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып отырды.
Бірінші турда «Реал» «Марсельді» 2:1 есебімен жеңсе, ал «Қайрат» «Спортингке» 1:4 есебімен жол берді. Келесі кездесулерде 22 қазанда мадридтік команда «Ювентуспен», ал 21 қазанда алматылықтар Кипрдің «Пафосымен» ойнайды.