Ауғанстанда интернет пен байланыс толық үзілді

Фото: сайттан кадр

Ауғанстан билігін қолына алған тәліптер елде интернет пен барлық байланыс арналарын өшірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

NetBlocks ұйымы Кабулда интернеттің тоқтағанын хабарлады. Сонымен бірге ұялы байланыс үзілді, спутниктік телеарналар көрсетілмей тұр.

Интернеттің өшірілуі әуе қатынасына да әсер етті. Елорда әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды. Жергілікті кәсіпкерлер мұндай жағдай жалғасса, шығындарының еселеп көбейетінін жеткізді.

Тәліптер бұл әрекеттерін «азғындықпен күрес» деп түсіндірді.

«Ауғанстан тіпті КХДР-дан да озып, желіні өшіруде бірінші орынға шықты», – деп жазды 1TV телеарнасының бұрынғы бас редакторы Хамид Хайдари.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *