Перизат Қайрат пен анасына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Фото: IG/ pk01

Астана қалалық апелляциялық соты «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Апелляциялық шағымды қарау аралас форматта өтті. Сот залында тек судьялар мен прокурор болды, ал жәбірленушілердің өкілдері мен айыпталушылардың адвокаты Асланбек Даулетияров онлайн қосылды.

Отырыста 13 жәбірленуші өкілі сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақстанның ірі банктері — Forte, Alatau City Bank (бұрынғы Jusan) және Kaspi мүддесін қорғаған заңгерлер де болды.

Жәбірленушілер әртүрлі уәждер келтіргенімен, барлығы бір ауыздан бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *