Экономика министрі Серік Жұманғарин 2019 жылдан бері қолданыстағы ағымдағы шоттарға пайыз есептеу тыйымын алып тастауға болатынын айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның ұсынысы туралы «Ручная экономика» telegram-арнасы Bloomberg Terminal деректеріне сүйеніп жазды. Министрдің сөзінше, қазіргі кезде Қазақстандағы ағымдағы шоттарда заңды тұлғалар 6,11 трлн теңге, жеке тұлғалар 3,49 трлн теңге сақтап отыр.
«Жұманғарин сондай-ақ қарыз алушының кірісіне қатысты қарыз мөлшерін 50 пайыздан 30 пайызға дейін қысқартуды ұсынады, бұл ай сайынғы төлемдерді шектейді», — деп хабарлады «Ручная экономика».
Экономист Ғалым Құсайыновтың айтуынша, қазақстандықтар ақшаларын ағымдағы шоттарда ұстап, депозитке салмағандықтан ай сайын екі-үш мың теңге жоғалтуы мүмкін, ал банктер осы арқылы табыс табады.