Онлайн-казино жарнамалайтын блогерлерге қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Фото: Видеодан кадр

Қазақстанда тек онлайн-казино ұйымдастырушылар ғана емес, құмар ойындарды жарнамалайтын блогерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі басшысының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

«Онлайн-казино – бұл өте күрделі құмар ойынға тәуелділік. Сол себепті біз ұсыныс жасадық: жауапкершілік тек ұйымдастырушыларға ғана емес, жарнамалайтындарға да қолданылуы керек. Қазіргі уақытта бұл мәселе мемлекеттік органдар арасында қарастырылуда. Менің ойымша, азаматтар бұл ұсынысты қолдайды, өйткені көптеген отбасы казиноға байланысты күйреп кетеді», – деді Елемесов.

Блогерлердің жарнама нәтижесінде адамның өз өміріне қол жұмсауына қатысты жауапкершілігі қаншалықты әділ болатыны жөнінде сұраққа жауап бере отырып, ол қоғамдық пікірге ықпал ететін тұлғалардың ерекше жауапкершілігі бар екенін атап өтті.

«Блогерлер – өз жазылушылары бар және қоғамдық пікірге ықпал ететін тұлғалар. Құмар ойындарды жарнамалау арқылы олар адамдарды ойнауға итермелейді. Кейбір адамдар жарнамаға беріліп, ойынды бастайды. Агрессивті жарнама кейде ойнауға мәжбүрлейді, сыйлықтар мен жеңістерді уәде етеді. Сондықтан жарнамалаушылар өз әрекеттері қандай салдарға әкелетінін түсініп, жауапкершілікті сезінуі керек», – деді Елемесов.

Естеріңізге сала кетейік, сенат депутаты Геннадий Шиповских блогерлердің онлайн-казино мен жалған ойындар арқылы заңсыз табыс табуы үшін жазаны күшейтуді ұсынған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *