Павлодар-Астана тас жолыда «Жеңіс» әйелдер футбол клубының ойыншысы Виктория Қайсаринова жол апаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Клуб баспасөз қызметі футболшының отбасына көңіл айтты.
«Бүгін Павлодар–Астана тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың ойыншысы Виктория Қайсаринова қаза тапты. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамады және арақашықтықты ұстанбады. Бұл жүк көлігінен соқтығысқа әкелді. Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Виктория – жарқын ойыншы және нағыз дос еді. Біз оның отбасымен және туыстарымен бірге қайғырамыз. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп хабарлады футбол клубы.
Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте «Павлодар–Қызылорда» автожолында жол апаты орын алып, жеңіл көліктегі төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапқан.