Жетісу облысында әскери жаттығуда сарбаз қаза тапты

Фото: Envato

Жетісу облысында әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Десанттық-шабуылдаушы әскерлердің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жауынгерлік дайындық кезінде қарумен жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

«Лауазымды тұлғалардың салғырттығы немесе бақылаудың болмауы анықталса, кінәлілер заңға сәйкес ең қатаң жауапқа тартылады. Бұл оқиға Қорғаныс министрінің жеке бақылауында тұр», – деп хабарлады ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігі марқұмның отбасына қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін 17 қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Отар гарнизонында 19 жастағы сарбаз өзіне қол жұмсады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *