Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов Instagram парақшасында 2025–2026 жылғы жылыту маусымы қалада 25 қыркүйек күні түнгі сағат 00:00-де басталатынын хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.
Әкімнің айтуынша, жылу беру жұмыстары толық дайын.
«Барлық жүйелер суық сумен толтырылды. Алдағы күндері жылу электр орталықтары іске қосылады. Алдымен жылу балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға және осы аудандардағы тұрғын үйлерге беріледі», – деді ол.
Ең алдымен Майқұдық, Сортировка және Пришахтинск аудандары қосылады, кейін Оңтүстік-Шығыс пен қаланың орталық бөлігін қамтиды. Тұрғын үйлерге жылу ресми түрде берілгеннен кейін ғана төлем есептеледі.
«Жылу үйлерге демалыс күндері жетеді. Бұл ауа температурасының төмендеуімен сәйкес келеді және тұрғындардың үйде болуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қожықов.