Ғылым және жоғары білім министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеу форматын халықаралық сарапшылармен бірлесе жаңартпақ, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Министр Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Educational Testing Service (ETS) компаниясы мен Смитсон институты басшыларымен кездесуі туралы айтып, артынша ҰБТ реформасы жайында мәлімдеді.
«ҰБТ сапасын түбегейлі жақсартып, мазмұнын толық қайта қарау үшін әлемдегі ең тәжірибелі тестология орталығымен жұмыс жүріп жатыр. Келесі айда жетекші зерттеушілердің делегациясы Қазақстанға келеді. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргіземіз», – деді Саясат Нұрбек.
Бұл мәселе Нью-Йоркте Қазақстан президентінің ETS басшылығымен өткен кездесуінде де талқыланды.
Министрдің айтуынша, ETS мамандарын тарта отырып, ҰБТ-ның мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады.