«Самұрық-Энерго»-дан 8,5 млрд теңге жымқырды деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Фото: «Самұрық-Энерго»

«Самұрық-Энергоның» еншілес компаниясынан 8,5 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінген азамат Ресейден Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, бұл қаражат Ақмола облысында жел электр стансасын салуға бөлінген.

Тергеу дерегінше, 2020–2022 жылдары құрылыс компаниясының басшысы өзге адамдармен алдын ала келісіп, жалған келісімшарттар жасап, қаржыны өзімен байланысы бар ұйымдар арқылы аударып, иемденген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге берілген. Ол биыл ақпанда Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

Бұл істің өзге қатысушылары биыл мамырда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қолданыстағы заңнамада мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *