Астанадағы тұрғын үйлерде жезөкшелікпен айналысқан топ ұсталды

Фото: Видеодан кадр

Астанадағы «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде жезөкшелік ұйымдастырылғаны туралы мәліметке сүйене отырып, полиция арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, тұрғындардан түскен шағымдар мен жедел ақпаратты тексеру кезінде жезөкшелікпен айналысқан топ анықталды.

«Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Құқық қорғаушылар қыркүйек айында елордада тағы бірнеше қылмыстық істі ашқан. Полиция өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды бопсалаған ер адамды ұстады. Күдіктіден жалған қызметтік куәлік тәркіленді.

Сондай-ақ Астана полицейлері әлеуметтік желі арқылы бопсалау схемасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйелді қолға түсірді.

«Күдікті танысу мен кездесу желеуімен ер адамдарды жалған зорлау туралы арызбен қорқытып, ақша талап еткен. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады ведомство.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *