Қазақстандықтар бірнеше жерде қатар жұмыс істей ала ма? Еңбек министрлігі түсіндірме берді

Фото: Pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істеу шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бірнеше компанияда қатар жұмыс істегенде уақыт нормасын сақтау қажет: негізгі қызметте тәулігіне 8 сағаттан аспауға, ал қосымша жұмыста 4 сағаттан аспауға тиіс. Жалпы жұмыс уақыты тәулігіне 12 сағаттан артық болмауы керек.

«Еңбек кодексіне сәйкес, негізгі және қосымша жұмыстың тәуліктік жалпы ұзақтығы қалыпты жұмыс уақыты нормасынан 4 сағатқа артық болмауы тиіс», – деg хабарлады министрлік.

Қосымша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмыстағы демалысымен қатар беріледі.

«Егер қосымша жұмыстағы ақылы демалыстың ұзақтығы негізгі жұмыстағы демалыстан қысқа болса, қызметкердің өтініші бойынша жұмыс беруші қалған күндерге еңбекақы сақталмайтын демалыс береді», – деп түсіндірді министрлік.

Сондай-ақ қосымша жұмыс істеуге келесі санаттағы азаматтарға тыйым салынады:

  • 18 жасқа толмағандар;
  • ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтіндер (медицина қызметкерлерінен басқа);
  • мемлекеттік қызметшілер (педагогикалық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен өзге ақылы қызметке рұқсат етілмейді).

Бұл шектеулерге жатпайтын кез келген кәмелетке толған азамат қосымша жұмыс істей алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *