ҚР Сот әкімшілігі бейнеконференция өткізуге арналған жаңа залды жабдықтауға 185 млн теңге бөлуге ниетті, деп хабарлайды ZontNews.kz KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік сатып алу порталында былай деп жазылған:
«Тапсырыс беруші – „Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі“ мемлекеттік мекемесі. Жұмыс түрі – бағдарламалық-техникалық кешенді орнату. Қосымша сипаттама – бейнеконференция өткізу залының жабдықталуы. Жоспарланған сома – 185 255 987,5 теңге».
Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер 23–30 қыркүйек аралығында қабылданады.