Алматының жоғарғы бөлігінде Әл-Фараби даңғылына апаратын жолдарды кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Медеу ауданында жауын-шашын салдарынан жиі су басатын көшелерде жаңарту жобасы дайындалған. Жоспарға сәйкес, Қаппаров көшесінде арықтар салынады.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, «мүмкін болған жерлерде жолдар екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіледі». Бұл орталық магистральдердің жүктемесін азайтуға бағытталған.
Бұған дейін Бостандық ауданында бірнеше ірі қиылыстар уақытша жабылған. Жұмыстар сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту үшін жүргізілді.