«Спортинг» «Қайратты» 4:1 есебімен жеңді

Фото: IG/ @f.c.kairat

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңін Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында португалиялық «Спортингке» қарсы ойынмен бастады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

44-минутта Франсиску Тринкан алаң иелері сапынан есеп ашты. Екінші таймда «Спортинг» басымдығын арттырды: 64-минутта Тринкан екінші голын соқты, арада бір минут өтпей-ақ Алиссон Сантос есепті 3:0-ге жеткізді. 68-минутта Жеванни Кенда төртінші голды салды.

85-минутта «Қайрат» ойыншысы Эдмилсон қарсылас қақпасына гол соғып, есепті қысқартты.

Айта кету керек, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза ойын басында «Спортинг» капитаны Мортен Юльманның пенальтисін қайтарып, негізгі құрамдағы алғашқы матчында көзге түсті.

«Қайраттың» келесі кездесуі 30 қыркүйекте өз алаңында мадридтік «Реалға» қарсы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *