«Еуразиялық мұра» үшін тартыс: Шодиев өз компаниясына қарсы сотта жеңілді

Фото: Novosti/ Valeriy Levitin

Алматыдағы Экономикалық сот Патох Шодиевтің «Еуразиялық қаржы компаниясына» (ЕҚК) қарсы талабын толық көлемде қанағаттандырмады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Кәсіпкер компанияның үштен бір үлесіне ие. Forbes мәліметінше, сот ЕҚК-нің басқа үлескері Шухрат Ибрагимовтың талабын қанағаттандырды. Осыған сәйкес 2 маусым мен 30 шілдеде өткен директорлар кеңесінің шешімдері орындалуы тиіс. Компанияға «Еуразиялық банк» пен «Еуразиялық капиталдың» 2024 жылғы қаржылық есептерін бекіту, сондай-ақ жаңа тәуелсіз директорлар Ерлан Мусин мен Жанбота Бекеновтің сайлануын растау міндеттелді. Бұған қоса, сот шығындарын ЕҚК Ибрагимовқа өтеуге тиіс.

Патох Шодиев директорлар кеңесінің шешімдерін жарамсыз деп тануды және моральдық зиян үшін миллион теңге өтемақы төлеуді талап еткен еді. Сот оның да, қызы Муниса Шодиеваның да талаптарын толықтай кері қайтарды. Қазіргі кезеңде «еуразиялық мұра» үшін тартыста Ибрагимовтар отбасы басым түсіп отыр. ЕҚК директорлар кеңесінің жаңартылған құрамында Муниса Шодиеваның есімі жоқ.

Патох Шодиевтің ЕҚК-ге қарсы және компанияның қарсы талабына қатысты сот отырысы Алматыда 26 тамызда басталды. Іс жабық режимде қаралды, сот шешім шыққанға дейін ақпарат беруден бас тартты.

Ибрагимовтар мен Шодиевтер – Eurasian Resources Group-тың үлескерлері арасындағы корпоративтік дау 2025 жылғы наурызда корпорацияның тең құрылтайшыларының бірі Александр Машкевич қайтыс болғаннан кейін өршіді. Сәуір соңында ERG-ні америкалық инвестор Джеймс Кэмерон сатып алмақ деген ақпарат тарады, бірақ компания бұл деректі жоққа шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *