Жалалабат қаласы ресми түрде Манас деп аталады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жалалабат қаласының атауын Манас деп өзгерту жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz қырғызстандық Kaktus.media басылмына сілтеме жасап.

Парламент бұл заңды 10 қыркүйекте қабылдаған. Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту және қаланың атауына халық қорғаушысы, ұлттық қаһарман Манастың есімін беру.

Қаланың атауын өзгерту бастамасы депутаттардан түскен. Әдетте бірнеше ай, тіпті жылдар алатын бұл процесс биыл екі аптада аяқталды. Әкімдік дерегінше, ұсыныс жергілікті мәслихаттан басталып, республикалық деңгейде тез қолдау тапқан.

10 қыркүйекте парламентте сөз сөйлеген депутат Мирлан Самыйқожо «Манас» қырғыз халқының басты эпосы әрі рухани мұрасы екенін атап өтті.

«Сондықтан оның есімін алған қалаға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Тұрғындар Манас атына сай болуы тиіс. Интернетте Манастың атына кір келтіретін сөздер – зорлық-зомбылық, жезөкшелік, жемқорлық секілді ұғымдар – қолданылмауы қажет. Заң бұзатын және теріс әрекет жасайтын адамдар ол қалада болмауы тиіс. Қала тұрғындары үлгі болып, Манас беделін арттыруы керек», – деді депутат.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінде Садыр Жапаров қазіргі қырғыз мемлекеттілігін қалыптастырған тарихи тұлғаларға арналған жарлыққа қол қойған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *