Алматы облысында 19 жастағы сарбаздың денесі асылған күйінде табылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Шынарбек Даниял Талғатұлы былтыр күзде әскерге шақырылған. Көктемде оның егіз бауыры Шынарбек Дінмұхаммед Талғатұлы да Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен.
«Бауырлар алғашында бірге қызмет етті. Ант қабылдаған соң Дінмұхаммед Мәтібұлақтағы 01098 әскери бөліміне ауыстырылып, егіздер екіге бөлінді. Дәл осы бөлімде қайғылы оқиға болды», – деді әпкесі.
Жақындарының айтуынша, 19 жасқа енді толған Шынарбек Дінмұхаммед еңбекқор, мейірімді, болашағына жоспар құрған жас болған. Отбасы оның өлімін суицид деп қабылдай алмай, шындықты талап етіп отыр.
«Біз, марқұмның отбасы, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, істі жеке бақылауына алуын сұраймыз. Бейбіт заманда сарбаздар қаза табуын қашан қояды? Бізге шындық пен әділдік керек», – деді әпкесі.