15 қыркүйекте Алматының бір ауласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Онда бірнеше жігіт айқайлап қарсылық білдірген қызды көлікке күштеп отырғызуға әрекеттенгені көрінеді.
Қыздың «Қойыңыз! Барғым келмейді! Көмектесіңіздер!» деп айқайлағанын естіген тұрғындар көмекке келіп, оны көліктен шығарып алған. Оқиға орнына полиция шақырылып, күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.
Бейнежазбада бейәдеп сөздер болғандықтан, ол жарияланбады.
Алматы қалалық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға туралы ақпарат куәгерлерден түскен.
«Тексеру барысында ер адам мен қыздың таныс екені анықталды. Қыз арыз жазудан бас тартты. Ер адамға заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік бар екені ескертілді», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.