Алматы маңындағы қоқыс полигоны үшінші күн қатарынан өртеніп жатыр

Фото: ТМЖ

Алматы облысындағы қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруге басқа өңірлерден қосымша күштерді жұмылдырды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

15 қыркүйекте Алматы – Талдықорған тасжолымен өтіп бара жатқан куәгерлер қоқыс полигонындағы ірі өрт туралы хабарлап, редакцияға жалын мен қою түтін түсірілген видеоны жолдаған.

Алматы облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға орнында жерді қалпына келтіру, аумақты топырақпен жабу және өртенген ошақтарды сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Министрлік хабарлағандай, өртті сөндіруге Алматы қаласы мен Шымкенттен, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарынан өрт сөндірушілер, сондай-ақ 52859 және 68303 әскери бөлімдерінің қызметкерлері тартылған. Барлығы 200-ден астам адам мен 90-нан астам техника жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ дерегінше, полигондағы өртті сөндіру оңай емес: жану ошағы 10 метр тереңдікке дейін жетеді, желдің бағыты жиі өзгеруде. Өртті сөндіруге 11 оқпан мен бір жылжымалы лафеттік оқпан қолданылып жатыр.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіру тәулік бойы жүргізілуде.

«Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен жауып, кейін топырақты нығыздап жатыр. Бұл әдіс жануға ауа кірмеуін қамтамасыз етіп, өртті толық сөндіруге мүмкіндік береді», – деп хабарлады ТЖМ.

Министрдің тапсырмасымен оқиға орнына комитет төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *