Түркістан облысының Карамурт ауылында қайғылы оқиға орын алды. 45 жастағы ер адам, 14 жыл бірге тұрған әйелін қызғаныштан өлтіріп, кейін өз өмірін қиды, деп хабарлайды ZontNews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Таңертең олардың жансыз денесін мектепке бара жатқан балалар тапты. Осы бір түнде төрт бала жетім қалды. Қазір олар балалар үйінде орналасқан
Отбасының көршілері мен туыстары әлі күнге дейін болған оқиғаға сенбей отыр. Олар не болғанын айтып берді.
Алғаш көрген – 13 жасар қыз. Таңертең мектепке дайындалып жатқан кезде ол анасының қанға боялған денесін байқап, айғайлады. Қыздың айғайын естіген көршілер жиналды. Кейін әкенің денесі үйдің дәретханасынан табылды. Ер адам өлім алдындағы аудиожазба қалдырған.
«Бетінің бәрі қанға боялған еді. Алғашында неге соққаны белгісіз болды. Кейін молоток табылды. Ол әйелінің басына соққы жасап, бас сүйегін жарып кеткен. Өзі дәретханада асып өлді», – деді қаза тапқан әйелдің ағасы Мырзакерим Мыркадиев.
Әйелді үй ауласында дерлік киімсіз тапқан. Туыстарының айтуынша, денесі соншалықты бүлінген, алғашында танымапты.
«Шашы жұлып алынған, барлығы қан мен кірге малынған. Басы қоқыс пен шөпке араласқан. Жуған кезде алақандарым жараланып кетті. Жуған сайын тазарттық. Бетін сипаттауға болмайды – адамды тану мүмкін емес. Денесінде тірі жер қалмаған», – деді марқұмның әпкесі Мухаббат Мыркадиева.
Туыстарының айтуынша, жанжал түн ортасында басталып, таңға дейін жалғасқан. Аудиожазбада ер адам әйеліне шабуыл жасағанын қызғаныштан екенін мойындаған. Қаза тапқанның ағасы Мырзарахым Мыркадиев: «Ол айтты: «Мен әйеліме қол көтердім. Себебі өзгерістер көп болды. Маған айтылды, ол біреумен машинеде жүрген». Солай түсіндірді. Барлығы қызғаныштан болды, бірақ дәлелдері жоқ еді», – деді.
Түркістан облысы полиция департаменті туыстарының мәліметін растады: «Алдын ала деректер бойынша, жергілікті тұрғын әйеліне ауыр жарақат келтіріп, ол қайтыс болды. Содан кейін аудиожазба қалдырып, өзіне қол салды».
Қаза тапқан отбасында төрт бала қалды. Ең үлкені – 13 жасар қыз, ең кішісі – үш жасар ұл. Бір ұл мүгедек. Туыстарының айтуынша, ер адам тұрақты жұмыс істемеген, ал әйел үйде, декреттік демалыста болған.