Мәжілісте Halyk Bank атауының заңдылығына қатысты мәселе көтерілді, деп жазады ZontNews.kz.
Жаңа «Банктер туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов банк атауының қаншалықты заңға сәйкес екенін сұрады. Ол шетелдік банктерді тартуды қолдап, мемлекет қатысуынан қорықпауға шақырды.
«Германияға қараңыздар, банктердің жартысы мемлекеттік. Бізге бәрін жекеменшік деп сендірді. Еуропада да мемлекет жүйеқұраушы банктерді ұстайды. Ұлттық қауіпсіздік осында», – деді Марат Бәшімов.
Депутат Тимур Құлыбаевтың Halyk Bank атауын «Халық банкі» деп қолдануы азаматтарды шатастырып жүрген жоқ па деген сауал қойды.
«Азаматтық кодексте Республика атынан атауға тыйым салынған. «Халық» – конституциялық термин. Халық атынан тек конституциялық құрылымдар ғана сөйлей алады. Ал мұнда «Халық банкі» деп өздеріне алып алған. Кім рұқсат берді? Әділет министрлігі мұны қарап шығуы тиіс», – деді депутат.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова атауға қатысты заңдық шектеулерді тексеруге уәде берді.
«Қазір «Халық банкі» атауы бойынша нақты пікір айта алмаймын. Заңда ондай атауға тыйым бар-жоғын тексеру қажет», – деді ол.
Сондай-ақ ол жаңа заңның шетелдік банктердің Қазақстан нарығына шығуы үшін бәсекені дамытуға бағытталғанын айтты. АРРФР басшысы шетелдік қаржы институттарының елге қызығушылығы бар екенін және агенттіктің олардың инвестициясын тартуға жұмыс істейтінін жеткізді.