Семейде жүк көлігі жерге опырылып түсті

Фото: Видеодан кадр

Ибраев пен Ұранхаев көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда жылу торабының жанында жол жабындысы опырылып түсті, деп жазады ZontNews.kz.

Осы кезде учаскеден өтіп бара жатқан Shacman маркалы жүк көлігі шұңқырға жартылай түсіп кетті.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Өскеменде Үлбі өзені арқылы қаланың екі бөлігін жалғайтын Шнайдар автомобиль көпірі опырылған. Соңғы екі жылда оның қайта жаңарту жұмыстарына 620 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *