Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей пойыз қайта жүре бастайды

Фото: АО «Пассажирские перевозки»

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей пойыз қатынасы сегіз жыл үзілістен кейін қайта іске қосылды, деп жазады ZontNews.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жолаушылар жаңа бағытпен 26 қазаннан бастап жүре алады.

Пойыз күнара қатынайды, құрамында бір купелік және бір плацкарттық вагон бар.

Тікелей вагондар №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында Саратов станциясына дейін жетіп, ары қарай «Дербент – Мәскеу» бағытына қосылады.

Алматы мен Мәскеу арасындағы тікелей қатынас 2017 жылы жолаушылар санының азаюы мен тиімсіздікке байланысты тоқтатылған еді. Сол кезде маршрут Саратовқа дейін қысқарып, ары қарайғы жолды жолаушылар «Саратов – Мәскеу» пойызымен жалғастырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *