Израиль әскери-әуе күштері Санаға соққы жасады

Фото: ашық дереккөздерден

Израиль Қорғаныс армиясының авиациясы Йемен астанасы Санада хуситтер бақылауындағы нысандарға ірі әуе шабуылдарын жасады, деп жазады ZontNews.kz.

ЦАХАЛ дерегінше, операция кезінде хуситтердің Қорғаныс министрлігі мен Бас штабы орналасқан ғимараттар, сондай-ақ бірнеше стратегиялық нысан жойылды.

Әлеуметтік желілерде жойқын жарылыстардың бейнежазбалары тарады. Әскери ведомствоның мәліметінше, рейдке 10-нан астам жойғыш ұшақ қатысып, 15 нысанаға шамамен 30 оқ-дәрі тасталды.

ЦАХАЛ бұл соққыларды соңғы апталарда Израиль аумағына жасалған зымырандық және дрондық шабуылдарға жауап ретінде ұйымдастырғанын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *