АҚШ-та Трампты қолдаушы Чарли Киркке қастандық жасалды

Фото: Ақ үй

АҚШ-тың Юта штатында Дональд Трамптың жақтасы әрі саяси белсенді Чарли Киркке қастандық жасалды, деп жазады ZontNews.kz.

Оқиға Юта Вэлли университетінің кампусында оның сөз сөйлеп тұрған сәтінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Киркке шамамен 200 метр қашықтықтан оқ атылған. Оқ оның мойнына тиген. Жараланған Кирк ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Чарли Кирктің көз жұмғанын растады.

31 жастағы Чарли Кирк жастарға консервативтік құндылықтарды насихаттайтын Turning Point USA студенттік қозғалысының негізін қалаған. Сондай-ақ ол подкаст жүргізіп, саяси пікірталастарға белсене қатысып келген.

Қастандық университет ішінде дүрбелең туғызды. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоларда студенттердің қорқынышпен жан-жаққа қаша бастағаны байқалады.

Бастапқыда билік күдіктіні ұстағанын хабарлағанымен, кейін мергеннің әлі бостандықта жүргенін нақтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *