Сот Антон Бударовтың Санжар Боқаев туралы жалған ақпарат таратқанын анықтады

Фото: Facebook / Мурат Адам

2025 жылғы 30 шілдеде Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Санжар Бокаевтың блогер Антон Бударовқа қарсы талабын қанағаттандырды, деп жазады ZontNews.kz.

Сот 2024 жылғы 6 қыркүйекте Бударов жариялаған бейнежазбадағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін және Бокаевтың абыройы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін анықтады.

Сот шешімі бойынша Антон Бударов:
• даулы бейнежазбаны YouTube арнасынан өшіруге міндеттелді;
• нақты атауы бар 20 минуттық теріске шығару бейнежазбасын жазып, жариялауға тиіс;
• Санжар Бокаевқа моральдық зиян үшін 500 000 теңге өтемақы төлеуге және сот шығындарын өтеуге міндеттелді.

Адвокат Мұрат Адам бұл шешімнің заңды күшіне енгенін хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *