Құлсарыда салынып жатқан мектептің шатыры опырылды

Фото: әлеуметтік желі

Атырау облысындағы Құлсары қаласында жаңа мектептің шатыры құлап, тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды. Оқиға білім нысандарының сапасына қатысты сұрақтарды қайта көтерді, деп жазады ZontNews.kz.

Мектеп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жылыой ауданында салынып жатыр. Ол 1200 орынға есептелген. Жобаға облыстық құрылыс басқармасы жауапты.

Жергілікті тұрғындар оқиғаны қызу талқылап жатыр.

«Құлағаны балалар мектепке кірмей тұрып болғаны жақсы, бірақ құрылыстың өзінде шатырдың шыдамағаны үлкен қауіптің белгісі. Мұндай мектептерде балаларымызға қауіпсіз білім беруін қалаймыз», – дейді қала тұрғындары.

Қазір құлау себептері анықталып жатыр. Құрылыс басқармасы мен мердігер компания тексеріс жүргізіп, кемшіліктерді түзетуге міндеттелді.

Samruk-Kazyna Construction алдын ала себепті атады: мердігер ауыр материалдарды спорт залының шатырына шектен тыс жүктеген.

«Алдын ала деректерге сәйкес, шатырдың опырылуына құрылыс материалдарының дұрыс қойылмауы әсер еткен. Шектелген аумаққа алты тоннадан астам ауыр материал жиналған, нәтижесінде конструкция зақымданған», – деп мәлімдеді компания.

Қазіргі уақытта комиссия құрылып, техникалық және авторлық қадағалау өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тексеріс жүргізіп жатыр. Қорытынды шешімдер сараптамадан кейін қабылданады.

Samruk-Kazyna Construction мектеп құрылысы ұлттық жобасының аясында сапа мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *