Катар премьері Израильдің соққысын «мемлекеттік терроризм» деп атады

Фото : соцсети

Израиль Дохаға әуе шабуылын жасағаннан кейін келіссөз жүргізуші делегация аман қалды. Алайда «ХАМАС»-тың бес мүшесі, соның ішінде ұйым жетекшісі Халил әл-Хайидің ұлы қаза тапты, деп жазады ZontNews.kz Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Катар ІІМ алдын ала мәлімет бойынша, соққыдан бір қауіпсіздік қызметкері көз жұмып, бірнеше адам жараланған. Қазір Дохадағы жағдай тұрақтанды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Кац бірлескен мәлімдемесінде бұл операцияның Иерусалимде бейбіт тұрғындардың өмірін қиған терактке жауап екенін айтты.

Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тани Израильдің соққысын «мемлекеттік терроризм» деп атап, «жақын уақытта құқықтық шаралар қабылданатынын» жеткізді. Оның айтуынша, Нетаньяху халықаралық құқықты аяққа таптап, аймақты қайтымсыз дағдарысқа итермелеуде.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social парақшасында «Катардағы біржақты соққылар Израильге де, Америкаға да пайда әкелмейді» деп жазды. Ол «ХАМАС-ты жоюды» орынды мақсат деп бағалады, бірақ Катарды АҚШ-тың одақтасы әрі досы деп атап, шабуылды айыптады.

Израильдің «Галей ЦАХАЛ» радиосының дерегінше, Дохадағы нысанға шамамен 15 әскери ұшақ қатысып, оннан аса бомба тасталды. Әскерилердің мәліметінше, соққы тек бір мақсатқа бағытталған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев де Израиль билігінің Дохадағы әскери әрекетін айыптады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *